Summer Relay – бұл жай ғана эстафета емес, бұл белсенді де жарқын жазға жасалған саналы қадам. 5 адамнан құралған команда 10 км қашықтықты еңсереді, әр қатысушы – командалық рух пен жарқын эмоциялар үшін жүгіреді. Бұл жарыс – қолдау, денсаулық және өз денеңе деген қамқорлық туралы. Жеңіл формат, жазғы көңіл-күй және мағыналы жүгіру – мұның бәрі сізді стартта күтеді!
Күні: 26.07.2025
Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі: «Almaty Arena» мұз айдыны
Қашықтықтар: 10 км (эстафета), 2000м, 1000м, 500м-ге жарыс (балалар қашықтығы).
Жарысқа қатысушылардың санаттары:
- Men — тек ер адамдардан құралған командалар
- Women — тек әйел адамдардан құралған командалар
- Mixed — құрамында кемінде бір ер және бір әйел адам бар аралас командалар
- Business — корпоративтік командалар (міндетті түрде бір ер және бір әйел адам болуы қажет)
Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.
* Business командаларға жұмыс орнынан анықтамалар болуы міндетті
17:00 – Сөре-мәре қалашығының ашылуы
17:45 – Дене шынықтыру (500 м және 1 км)
17:55 – 500 м және 1 км қашықтыққа қатысушылардың сапқа тұруы
18:00 – 500 м қашықтығының сөресі (қыздар)
18:08 – 500 м қашықтығының сөресі (ұлдар)
18:20 – 1 км қашықтығының сөресі (қыздар)
18:30 – 1 км қашықтығының сөресі (ұлдар)
18:40 – Дене шынықтыру (2 км)
18:50 – 2 км қашықтығының сөресі
19:30 – Марапаттау рәсімі (500 м, 1 км және 2 км)
20:40 – Дене шынықтыру (эстафета 10 км)
21:00 – Эстафета (10 км) сөресі
22:30 – Эстафета (10 км) марапаттау рәсімі
23:00 – Мәре аймағының жабылуы
00:00 – Іс-шараның ресми жабылуы
Сөрелік жарна:
- Эстафета (10 км) (командада 5 адам) – 55 000 KZT.
- 2000 м-ге жарыс (балалар қашықтығы) – 8 000 KZT.
- 1000 м-ге жарыс (балалар қашықтығы) – 7 000 KZT.
- 500 м-ге жарыс (балалар қашықтығы) – 6 000 KZT.
Жарысқа қатысушыларға сөрелік жинақтарды беру «25» шілде күні сағат 10:00-ден 20:00- ге дейін, «26» шілде 2025 ж. сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі. Беру орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 5/2, Jurek Tau сауда орталығы.
Жас санаттары:
- Эстафета (10 км) (командада 5 адам) – 15 жас және одан жоғары
- 2000 м-ге жарыс (балалар қашықтығы) – 12-14 жас
- 1000 м-ге жарыс (балалар қашықтығы) – 9-11 жас
- 500 м-ге жарыс (балалар қашықтығы) – 4-5, 6-8 жас
10 км (эстафета) қашықтықтығындағы жеңімпаздар кубок, мүсіншемен, ақшалай сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Барлық мәрешілер естелік медаль алады.
Серіктестер
Ұйымдастырушылар:
Титулдық демеуші:
Қадірлі серіктес:
Су серіктесі:
Серіктестер:
Жүлделі серіктес:
Байланыс серіктес:
Қолдаушылар:
Медициналық серіктес:
Ресми кореқтену серіктес:
Ресми медиа серіктес:
Ақпараттық серіктес: