3 тамыз күні Алматы қаласында орналасқан Сайран көлінде  Азия мен әлемнің 40 елінен келген 130-дан астам кәсіби триатлеттер үшін жарыс басталады. ASTC Asia Cup – бұл Азия Триатлон Конфедерациясы (ASTC) мен Халықаралық Триатлон Одағы (ITU) бірігіп өткізетін кубоктар сериясы. Сонымен қатар, бұл жарысқа барлық Elite дәрежесі бар спортшылар қатыса алады.
Ал 4-ші тамызда Сайран көлінде 18 жастан асқан AGE санатындағы әуесқойлар арасында чемпионат өтеді.

«Бүгінгі күнде әуесқой спортшылар чемпионаттың http://almatytriathlon.kz ресми сайтында тіркеуге өтінім бере алады», - деп түсіндірді Алматы триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Когай. - «Age Group» санаты бойынша (гендерлік шектеулер мен жас санаттарынсыз) кезеңдерден командамен өтуге рұқсат беріледі. Команда екі немесе үш адамнан құралуы мүмкін. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың саны шектеулі екенін ескертемін, жеке атлеттердің ең жоғарғы саны – 220, ал командалық стартта -30.

Қәсіпқойлар үшін Asia Cup турнирінің қашықтығы спринттік болады. Бұл - 750 м жүзу, 20 км велобәйге және 5 км жүгіру, әуесқойлар үшін 1500 м жүзу, 40 км велобәйге және 10 км жүгіру. Әуесқой триатлонның қағидасымен конкурстың ресми сайтынан оқып, таныса аласыздар. Жарыстың толық маршруты байқау күніне жақындағанда анық болады.

Анықтама үшін. Триатлон – жүзу, велобәйге және жүгіру сияқты спорттың үш түрінен тұратын мультиспорттық жарыс. 2000-шы жылдан бастап триатлон Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Қазақстанда триатлон еліміздің барлық өңірлерінде дамып келеді. 2019 жылы республикалық және халықаралық деңгейдегі 18 жарыс өткізу жоспарланып отыр.

Jañalyqtar
Жоғарыда тек аспан: Tau Jarys іс-шарасы мен фестивалі 29 маусымда өтеді
Су-тұз теңгерімі: жазғы жаттығу кезінде суды қандай мөлшерде ішу қажет?
Astana Half Marathon: 2025 жылдың 1 маусымында жол қозғалысы шектеледі