Ашық жаттығулар әр сенбі сайын қазанның ортасына дейін «Атакент» ІЫКО саябағында өтеді. Жаттығуларды жоғары педагогикалық білімі бар, жүгіруден тәжірибелі жаттықтырушы Игорь Немовча жүргізеді. Игорь жүгірумен 15 жасынан бастап айналысады, 2018 жылы бірінші марафонға қатысып, Алматы жартылай марафоны және Алматы марафонына жүгірушілерді дайындайды.

Жүгіру жаттығулары 13-қазанда екінші мәрте өтетін Алматы жартылай марафонына орайластырылған. Біріншісі 2018 жылы өтіп, оған 4 мыңдай жүгіруші қатысты.

Жарысқа дайындық www.almaty-marathon.kz сайтында ашық және қатысушылар санының шегі 5 000 адамға жеткенге дейін жалғасады.

Jañalyqtar
Бір мәре, мыңдаған жаңа бастамалар: күздің басты жарысы – Almaty Marathon 28 қыркүйек күні өтеді
Неліктен баяу әрі рақаттанып жүгіру ұят емес?
Алматы мен Астанада заттар мен қайталама шикізатты қайда тапсыруға болады?