Қайғымен хабарлаймыз, Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы — 84 жастағы Аққоян Рсалиев және 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Екеуі де жартылай марафон қашықтығын (21,1 км) жүгіріп өтіп жатқан болатын және Алматыдағы жүгіру жарыстарының тұрақты қатысушылары еді. Ұйымдастырушылар регламентке сәйкес әрекет етті: медициналық қызметтер, төтенше қызметтер және полиция жедел әрі уақытылы жұмыс істеді. Қабылданған шараларға қарамастан, қатысушылардың өмірін құтқару мүмкін болмады.

Жартылай марафон 20 сәуір күні таңертең Тұңғыш Президент саябағынан Орталық стадионға дейінгі бағыт бойынша өтті. Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бастап жүгіру жарыстарына үнемі қатысып келеді. Бұрын Almaty Half Marathon және Almaty Marathon кезінде 21,1 км және 10 км қашықтықтарын сәтті еңсерген.

Бүгін жартылай марафон кезінде әл-Фараби даңғылындағы қашықтықтың бірінші километрінде ер адамға кенеттен жаман болды, бір минуттан кейін оған жедел жәрдем бригадасы келді, бірақ пульс болмады.

«Сағат 8:15-те ПД қызметкерлері қатысушының құлағаны туралы хабарлады. Жедел жәрдем бір минут ішінде келді, пульс болмады. Реанимациялық шаралар хаттамаға сәйкес жүргізілді. Алдын ала қорытынды — өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Созылмалы артериялық гипертензия болған», — деді 2/51 бригадасының дәрігері Әлібек Хожаназаров.

Екінші қайтыс болған қатысушы — Нұрбол Ахмади — бұрын Winter Run 2025 жүгіру жарысында 10 км қашықтықта қатысқан, Астана мен Алматыдағы жартылай марафонға, сондай-ақ Алматыдағы марафонға тіркелген. Бүгін Алматыдағы жарты марафон кезінде қашықтықтың 16-шы километрінде жүгіруші есінен танды. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық әрекеттер жасады. Алайда, нәтижесіз — бригада келгенге дейін өлім орын алды.

«Біз келгенде, сағат 9:18-де, ұйқы артериясында пульс болмады, тыныс алу болмады, қысым нөлде болды. Реанимациялық шаралар хаттамаға сәйкес жүргізілді. Нәтижесіз. 103 бригадасы келгенге дейін өлім орын алды. Алдын ала диагноз — өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жедел жүрек жетіспеушілігі», — деп түсіндірді 8/58 бригадасының дәрігері Айгерім Есдаулетова.

Медиктердің хабарлауынша, қатысушылардың өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады, және оның нәтижелері жақын арада туыстарына хабарланады.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева хабарлағандай, қатысушылардың қауіпсіздігі — ұйымдастырушылардың басымдығы.

«Жарысқа тіркелу кезінде барлық қатысушылар спорттық іс-шараға физикалық дайын екендіктері және өз денсаулықтары үшін толық жауапкершілік алатындары туралы қолхат қалдырады, бұл осындай марафондарды өткізу кезінде әлемде қабылданған тәжірибе болып табылады. Almaty Marathon қатысушылары үшін біз жыл бойы дайындық және қауіпсіз жүгіру тақырыбы бойынша сарапшылармен тұрақты түрде тегін ашық жаттығулар мен дәрістер өткіземіз. Сөре күні әрбір тамақтану нүктесінде алғашқы көмек көрсетуге қажетті орындар бар медициналық қызметкерлер орналастырылады. Барлық жүгіру бақытында ПД және жедел медициналық жәрдем қызметтерімен бірлесіп мұқият және алдын ала жасалады», — деп қосты Салтанат Қазыбаева.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ұйымдастырушылар жүгірушілердің отбасыларымен байланысқа шығып, қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Jañalyqtar
Almaty Marathon мыңдаған сәбиге салауатты болашаққа мүмкіндік береді
Алматыда жартылай марафонның екі қатысушысы қайтыс болды
Almaty Half Marathon: 20 сәуірде жолдардың бір бөлігі жабылады