2025 жылдың 1 маусымында Astana Half Marathon жарысы төртінші мәрте өтеді. Биыл жарысқа 30-дан астам елден 8 000 қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Astana Half Marathon ұйымдастыру комитеті елорда тұрғындары мен қонақтарын жарыс күні – 1 маусымда – қаланың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысының уақытша шектелетіні туралы хабардар етеді. Қозғалыс кезең-кезеңімен қайта ашылып, таңғы сағат 10:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі.

Жарыс бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, «Арқар» және Сығанақ–Мәңгілік Ел көпірлері арқылы өтеді. Қатысушылар «Ақорда» мен Есіл өзенінің жағалауын, «Бәйтерек», Abu Dhabi Plaza және EXPO сынды көрнекті орындарды тамашалай алады. Жаңа трасса — әсерлі сәттер мен ұмытылмас естеліктер сыйлайтын бағыт болмақ. 

Тәуелсіздік даңғылы Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін 31 мамыр сағат 06:00-ден бастап 1 маусым сағат 11:00-ге дейін ішінара жабылады.

Сарайшык көшесі Р. Қошқарбаев даңғылынан Акмешіт көшесіне дейін 1 маусым күні 06:50-ден 08:30-ға дейін жабылады.

  • Д. Қонаев көшесі Акмешіттен Қазақ радиосы көшесіне дейін 07:00–07:50 аралығында жабылады.
  • Қазақ радиосы көшесі Д. Қонаевтан Достық көшесіне дейін 07:00–07:50 аралығында жабылады.
  • Достық көшесі Қазақ радиосы мен Акмешіт көшелері арасында 07:00–07:50 аралығында жабылады.
  • Акмешіт көшесі Сарайшыктан Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін 07:00–08:50 аралығында жабылады.
  • Акмешіт көшесі Бұқар Жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін (EXPO аумағы) 07:00–08:50 аралығында жабылады.
  • Түркістан көшесі Акмешіттен Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін 07:40–09:25 аралығында жабылады.
  • Түркістан көшесі Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін 07:45–09:40 аралығында жабылады.
  • Сығанақ көшесі Түркістаннан И. Панфилов көшесіне дейін 07:50–09:45 аралығында жабылады.
  • И. Панфилов көшесі Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін 08:00–09:55 аралығында жабылады.
  • Ж. Нәжімеденов көшесі Ш. Қалдаяқовтан Тәуелсіздік даңғылына дейін 08:20–09:50 аралығында жабылады.
  • Тәуелсіздік даңғылы И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін 08:00–09:55 аралығында жабылады.

Astana Half Marathon 2025 кезінде жолдардың жабылу кестесі 

31 мамыр - 1 маусым 2025 ж.

31 мамыр сағат 06:00-ден бастап 1 маусым сағат 11:00-ге дейін

Тәуелсіздік даңғылы (Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

06:50 – 08:30 

Сарайшык көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Акмешіт көшесіне дейін)

07:00 – 07:50 

Д. Қонаев көшесі (Акмешіттен Қазақ радиосы көшесіне дейін)

07:00 – 07:50

Қазақ радиосы көшесі (Д. Қонаевтан Достық көшесіне дейін)

07:00 – 07:50

Достық көшесі (Қазақ радиосынан Акмешіт көшесіне дейін)

07:00 – 08:50

Акмешіт көшесі (Сарайшыктан Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін) 

07:00 – 08:50 

Акмешіт көшесі (Бұқар Жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін) «EXPO» аумағы

07:40 – 09:25 

Түркістан көшесі (Акмешіттен Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейін)

07:45 – 09:40 

Түркістан көшесі (Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін)

07:50 – 09:45

Сығанақ көшесі (Түркістаннан И. Панфилов көшесіне дейін)

08:00 – 09:55

И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін)

08:20 – 09:50

Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқовтан Тәуелсіздік даңғылына дейін)

08:00 – 09:55

Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін)

Ұсынылған бағыт (а/т көлігімен сөреге жету үшін):

  1. Тәуелсіздік даңғылы арқылы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;
  2. Ж. Нәжімеденов көшесімен — «Нұрлы жол» теміржол вокзалы жағынан;
  3. Әл-Фараби даңғылы арқылы И. Панфилов көшесіне дейін.

Ұсынылатын автотұрақтар:

— А. Байтұрсынұлы көшесі бойымен, Тәуелсіздік даңғылына дейін жетпей тоқтау

—  Ж. Нәжімеденов көшесі бойымен, Тәуелсіздік даңғылына дейін жетпей тоқтау

—  Әзірет Сұлтан мешітінің автотұрағы

Қаланың негізгі жолдарындағы қозғалыс тығыз болуына байланысты, қатысушыларға Тәуелсіздік алаңына автобуспен келу ұсынылады — ең жақын аялдамаға дейін, жол қиылысына жақын жерде түсетін бағытпен. Жолдардың жабылуын ескере отырып, ең тиімді бағытты 2ГИС қосымшасы арқылы жоспарлауға болады. Назар аударыңыз: Тәуелсіздік алаңындағы сқрелік қалашығына жақын маңда автотұрақтар жұмыс істемейді.

Айта кетейік, аталған іс-шара AIMS (Халықаралық марафондар мен қашықтыққа жүгіру қауымдастығы) ұйымына мүше. Бұл жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін білдіреді. Жартылай марафон бағыты World Athletics талаптарына сәйкес сертификатталған. Іс-шараны ұйымдастырып отырған: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры. Қор 2012 жылдан бері елімізде бұқаралық спортты дамытып, жыл сайын 10-нан астам спорттық шара өткізіп келеді.

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы — Almaty Marathon шарасына тіркелу жалғасуда. Ол 2025 жылдың 28 қыркүйегінде өтеді. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді.

Жарыс басталатын уақыт:

07:00 – 21,1 км, элита, Экиден

07:50 – 10 км және скандинавиялық жүріс

Astana Half Marathon жарысының бас серіктесі: Halyk Bank

Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Krida фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-ағарту қоры.

Jañalyqtar
Astana Half Marathon: 2025 жылдың 1 маусымында жол қозғалысы шектеледі
Жарыс кезінде жүгіруден бас тартудың керек екендігін білдіретін 10 белгі
Astana Half Marathon 2025: 8 000 қатысушы жаңа бағытпен жүгіреді