26 шілде күні «Almaty Arena» мұз сарайында жарқын Summer Relay эстафеталық жүгірісі өтті. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған бұл жазғы жарысқа 300 бала мен 5 адамнан құралған 200 ересектер командасы жиналды. Олар қашықтықты бағындырып, эмоцияларымен жақындарымен бөлісіп, күзде өтетін Almaty Marathon-ға дайындықты бастап кетті.

Дәстүрлі жарыстардан ерекшелігі, Summer Relay кешкі салқын әрі жайлы атмосферада өтеді. «Almaty Arena» мұз сарайы – жазғы жарысқа қатысушылардың қажетті жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сөрелік қалашық сағат 17:00-де ашылды, ал бірінші қашықтыққа (балаларға арналған 500 м) қатысушылар жүгірісті 18:00-де бастады. Олардан кейін 1 және 2 км қашықтықта балалар сөреге шықты.

 

«Мен бүгін бір шақырымға жүгіремін. Төртінші рет жарысқа қатысып отырмын, маған ұнап жатыр», – деп бөлісті 11 жасар Саша.

 

Әр жүгіріс алдында ұйымдастырушылар белсенді жаттығулар жүргізді.

«Summer Relay екінші рет өтті. Жаңа локация мен мұқият ойластырылған формат бұл шараны қатысушылар үшін ерекше ыңғайлы етті. Командалық эстафетада әрқайсысы 2 шақырымнан, яғни әр команда 10 шақырымнан жүгіріп өтті. Мұндай формат тәжірибелі жүгірушілерге де, жүгіріспен енді танысып жатқан жаңадан бастаушыларға да қолайлы. Жарыс алғаш рет кешкі уақытта өтті, бұл аптап ыстықтан сақтанып, жайлы атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді», — деп атап өтті «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Сағат 21:00-де бес адамнан тұратын командалар арасында 10 км қашықтықтағы эстафета басталды.

«Alay» командасы жарыстарға үнемі қатысып келеді. Команда мүшесінің айтуынша: «Біздің басты мақсатымыз – жарақатсыз мәре сызығына жетіп, жеке нәтижелерімізді жақсарту. Осы құраммен біз өткен жылдардағы жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Биыл да жақсы нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан табылуға уәде береміз».

 

Мәре сызығында барлық жүгірушілерге естелік медаль табысталды. Қатысушылар бір-бірін құттықтап, әсерлерімен бөлісіп, жетістіктерін атап өтуге бет алды.

 

Төрт командалық санаттағы чемпиондарға естелік мүсіншелер мен серіктестер атынан бағалы сыйлықтар табысталды. «Business» санатындағы жеңімпаздар бұған қоса кубоктар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

 

«Women» санатында жеңімпаз атанған «Bmai girl» командасы эстафетаны 36:02.20 минутта аяқтады. Екінші және үшінші орындарды «SN Running Team Girls» (40:55.50 минут) және «Trigada» (41:56.70) иеленді.

 

Ерлер арасында бірінші болып «Bmai t

Summer Relay жұмысбасты ата-аналар мен балалар үшін ерекше жазғы мерекеге айналды. Мұнда әріптестермен өткізілетін тимбилдинг пен бірге өткізілетін баға жетпес сәттермен ұштасты. Ата-аналар эстафеталық жарыста бақ сынап жатқанда, балалар үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылды: олар сүйікті кейіпкерлерімен кездесті, аквагрим жасатты, тәтті мақта мен попкорннан дәм татты, суперқаһармандармен бірге ойнап, жаттығу жасап, қызықты тәжірибелерге қатысты, батлдарға қатысып, сабын көпіршіктерімен өткен сауық-кеште би биледі.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйек күні Орталық Азияның басты жүгірісі – Almaty Marathon өтеді. Қаланың жүрекке жақын көрікті жерлері мен тауларын тамашалай отырып жүгіргіңіз келсе, almaty-marathon.kz сайтында тіркелу әлі де жалғасуда.

Jañalyqtar
Балалар жүгірісі және ересектерге арналған эстафета: 2025 жылғы Summer Relay Алматыда қалай өтті
Summer Relay 2025: 26 шілде күні Алматыда кешкі жүгіру жарысы өтеді
Tau Jarys 2025 Алматы облысында 1500 қатысушыны жинады