Елордада Astana Half Marathon өтті 01.06.2025, 21:40 236 Елордада Astana Half марафоны өтті. Оған қазақстандықтарды қоса алғанда әлемнің 38 елінен 6 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде кәсіби спортшылардан бөлек, ресми мекеме қызметкерлері мен жеке қатысушылар бар. Астана жартылай марафонына қатысушылар таңғы 5:00-ден Тәуелсіздік алаңына жиналды. Кейін жаттығуын бастап, жарысқа шықты. Спортшылардың 20 шақырымға дейін кедергісіз жүгіруі үшін қаланың бірнеше аумағында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Дәурен Сартаев, Halyk Bank басқарма төрағасының бірінші орынбасары: - Halyk Bank тек бұл марафонды емес, өзге де спорттық шараларды қолдайды. Біз осымен бірнеше жыл қатарынан дәл осы марафонға демеушілік етіп отырмыз. Бұдан бөлек, біздің басқарма білім, ғылым және медицина секілді бірнеше бағыттағы бастамаларға қолдау білдіреді. Спортты дамытуға арналған Астана жартылай марафоны дәстүрлі түрде өткізіледі. Ал Halyk Bank – марафон ұйымдастырушыларымен арадағы 5 жылдық келісімге сәйкес жарыстың бас серіктесі. Ең қызығы, банктің 100-ден астам қызметкері де бұл шараны қолдаған. Олар аймақтық филиалдарынан келіп, Экиден эстафетасына 2 топты жасақтап қатысты. Осылайша бақтарын сынады. Белгіленген межені жүгіріп өткендерге медаль табысталды. Ал рекорд жаңғыртқан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Авторлары: Альмира Оразбай, Ақылбек Есімсеитов

Ссылка на источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/713097-elordada-astana-half-marathon-otti

Новости
Tau Jarys 2025 собрал 1500 участников в Алматинской области
Что нужно знать о здоровье сердца перед забегом
10 мифов о беге, в которые многие до сих пор верят