Жоғарыда тек аспан: Tau Jarys іс-шарасы мен фестивалі 29 маусымда өтеді

29 маусымда Алматы облысында жыл сайын өтетін ойлы-қырлы жерлерде жүгіру және қала сыртындағы Tau Jarys отбасылық фестивалі өтеді. Бұл – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтетін, 1500 адам қатысатын төртінші тау жарысы.
Жарыс дәстүрлі түрде Алматыдан бір сағаттық жерде орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді. Кешеннің көркем табиғаты мен жайлы жері жақындарыңызбен белсенді демалыс өткізуге таптырмас мүмкіндік береді. Іс-шара бағдарламасына 2, 6 және 12 км қашықтықтар, сондай-ақ 5 және 10 км скандинавиялық жүріс бойынша жарыстар кіреді. Қонақтар үшін музыкалық және ойын-сауық түрлері қарастырылған.
Tau Jarys – World Athletics ережелеріне, ал скандинавиялық жүріс – Халықаралық спорттық туризм федерациясының (ХСТФ) ережелеріне сәйкес өтеді.
«Біз іс-шараны ұйымдастыруда үздік шетелдік тәжірибелерді қолданамыз және Almaty Marathon іс-шараларында әркімнің көңіл көтеруін, жүгірістің сүйікті форматын тауып, спорттық мерекенің жарқын естеліктерін отбасымен және достарымен бөлісуін қалаймыз. Tau Jarys бағдарламасы мен ауқымы мыңнан астам қатысушыны еліктіреді. Мұндай іс-шаралар біздің ұлтты сауықтыру жөніндегі миссиямызды алға жылжытып қана қоймай, жергілікті экономика мен туризмді дамытады», деп атап өтті Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жарысының ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Шара аясында 5 және 10 км «солтүстік (скандинавиялық жүріс)» бойынша ҚР чемпионаты өтеді. Қатысуға жүріс техникасын меңгерген мен қажетті жабдықтары бар кәмелетке толған барлық әйелдер мен ерлер шақырылады.
Tau Jarys-тың мәреңсерген қатысушыларға медаль, ал әр қашықтықтағы әйелдер мен ерлер санатындағы жеңімпаздарға серіктестерден мадақтама қағаздар, ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар беріледі.
Қатысу үшін сөрелік жарнаны төлеу қажет: 2 км балалар қашықтығына (сін е10-14 жас) 8 000 KZT, 6 км жүгіріске және 5 км скандинавиялық жүріске 13 000 KZT, 10 км скандинавиялық жүріске 14 000 KZT, 12 км жүгіріске 15 000 KZT. Қосымша ақыға қатысушылар үшін жайлы автобустармен барып-қайту трансфері ұйымдастырылады. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында жалғасуда.
Жарысты ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.