Жаздың арлық тамаша сәттерімен бірге аптап ыстық та келеді. Егер жазда жүгіргіңіз келсе, HomeRun жүгіру клубының жаттықтырушысы, трейлраннер және ультрамарафоншы Педро Визуэтэ Кастроның негізгі кеңестерін оқып шығыңыз.

Біріншіден, суды көбірек ішіңіз. Жазғы жаттығулар кезінде жүрек соғысы жиірек болатыны анық. Ыстықта ағзаның жылуды реттеу процесі күшейіп, қан айналымы, тер бөлінуі күшейеді, жүректің соғуы жиілейді. Бұл қалыпты жағдай. Терлеген жаман емес, су ішпеу — жаман әдет. Сондықтан жазғы жаттығуларға міндетті түрде су бөтелкесін алып жүру керек. Арнайы спорттық бөтелкені немесе кәдімгі балалар бөтелкесін (олар пішіні мен көлеміне байланысты өте ыңғайлы) қолдануға болады.

Ыстықта тамақтану тәртібін түбегейлі өзгертудің қажеті жоқ. Ең бастысы — жеткілікті мөлшерде су ішу. Ең дұрысы — құрамында көмірсулар мен электролиттері бар изотоник ішу. Жай ғана электролиттер де жарайды, оларды сумен араластырып, бөтелкеде бірге алып жүруге болады.

Екіншіден, жүктемені ыстыққа қарай реттеңіз. Жазда жылдам қарқынмен жүгіріп, жылдамдыққа арналған жаттығулар жасауға болады, бірақ салқын ауа райына қарағанда әлдеқайда ауыр болады. Сондықтан жүктемені өзіңізге сай бейімдеп, ағзаңызды тыңдай білу маңызды. Егер бұрын жазда мүлде жүгіріп көрмеген болсаңыз, ағзаға бейімделуге уақыт беріңіз. Басты және қолды сулап отыру үшін мүмкіндігінше судың жанында жаттығыңыз. Сумен кез келген жаттығуды еркін жасауға болады.

Үшіншіден, жаттығуды ашық ауада нақты уақытқа бейімдеп жасаған жөн. Таңсәріде, күн әлі шықпаған кезде немесе кешкісін, күн батқан соң жаттыққан әлдеқайда тиімді. Күндізгі жаттығуларды мүлде алып тастаудың қажеті жоқ, бірақ олардың ауыр болатынын ескеріп, міндетті түрде бас киім киіп, су ішіп отырыңыз. Жаттығуға жеңіл киім киіп шығыңыз және міндетті түрде далада жаттығыңыз, себебі манежде одан да ыстық болады.

Ыстықта жүгіруді жалғастыру қиын, бірақ әсіресе жазғы және күзгі жарыстарға қатысуды жоспарласаңыз, жаттығуларды тастап кетпеу өте маңызды. Мысалы, 29 шілдеде Алматыда Summer Relay эстафетасы, ал 28 қыркүйекте Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жүгіру жарысы өтеді. almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, жаттығуды жалғастырыңыз және денсаулығыңызды қадағалауды ұмытпаңыз.

Jañalyqtar
Summer Relay 2025: 26 шілде күні Алматыда кешкі жүгіру жарысы өтеді
Tau Jarys 2025 Алматы облысында 1500 қатысушыны жинады
Жүгіруге шықпас бұрын жүрек денсаулығы туралы не білу керек