26 шілде Алматыда «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Summer Relay – жазғы эстафеталық жүгіру жарысы өтеді. Жаздың кешкі қоңыр салқын ауа-райы іс-шараның қауіпсіз әрі жайлы өтуін қамтамасыз етеді, ал сөренің спорттық рухы ұмытылмас эмоциялар сыйлайды. Ересектер команда болып 10 шақырымдық эстафетаға, ал балалар 2 шақырымға дейінгі қашықтықтарға қатыса алады. Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі «Almaty Arena» мұз сарайында өтеді. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жалғасып жатыр.

Summer Relay – бұл жай ғана эстафета емес, жазды белсенді әрі отбасыңызбен өткізудің таптырмас мүмкіндігі. Биыл жарыс ыңғайлы кешкі уақытта өтеді. 4 пен 14 жас аралығындағы балаларға арналған 500 м, 1000 м және 2000 м қашықтықтар ұсынылады. Ал ересектер үшін негізгі қашықтық – 10 км, ол 5 қатысушыдан құралған команда арасында бөлінеді. Ерлер, әйелдер, аралас немесе корпоративтік командалар құруға болады. Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі «Almaty Arena» алаңында өтеді.

Мәреге жеткен барлық қатысушыларға естелік медаль табысталады. 10 км эстафетасының әр санатында жеңімпаз үштікке кірген командалар естелік мүсіншелер мен серіктестердің құнды сыйлықтарына ие болады. Business санатындағы жеңімпаздар кубок, ақшалай сертификаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жалғасып жатыр.

«Өткен жылы Summer Relay-ді алғаш рет жазғы эстафета форматында сәтті өткіздік. Бұл – тек мерекелік шара ғана емес, жылдың басты оқиғасы – Almaty Marathon-ға дайындық. Мұндай аралық жүгірулер қатысушыларға жүгіруді өмір салтына айналдырып, командалық рухты нығайтып, ұзақ қашықтыққа жүйелі түрде дайындалуға мүмкіндік береді. Біз жыл бойы тегін ашық жаттығулар өткізіп, қатысушылардың жүгіруді саналы түрде бастауына жағдай жасап келеміз», – деп атап өтті «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Сөрелік жарна бар болғаны 55 000 теңгені құрайды, балалар қашықтығы үшін – 6 000 мен 8 000 теңге аралығында.

Айта кетейік, 28 қыркүйекте Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру шарасы – Almaty Marathon өтеді. Бірегей бағыт пен әсем көрікті жерлерімен жүгіріп өту үшін тіркеліңіз, слоттар саны шектеулі. Тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жалғасуда.

Jañalyqtar
Summer Relay 2025: 26 шілде күні Алматыда кешкі жүгіру жарысы өтеді
Tau Jarys 2025 Алматы облысында 1500 қатысушыны жинады
Жүгіруге шықпас бұрын жүрек денсаулығы туралы не білу керек