Көптеген адамдар үшін жүгіру – бұл жылдамдық пен құлақтағы желдің ызғырығы. Алайда тәжірибелі жүгірушілердің 80%-ға жуығы жаттығуларын баяу қарқында жасайды және бұл алға жылжудың дұрыс жолы. Almaty Marathon баяу жүгірудің пайдасы қандай екенін, ол неге қуат пен сергектік береді және не үшін өзін бақытты сезінуге көмектесетінін түсіндіреді.

1. Баяу жүгіру – сауатты жаттығулардың негізі

Егер сіз спорттық тәжірибесіз жүгіруді бастаған болсаңыз, барлық жаттықтырушылар мен дәрігерлер алдымен баяу жүруді ұсынады. Бұл – жүрек соғысы төмен қарқында, жүгіру техникасына және ағзаның жаңа жүктемеге үйрену барысындағы сезімдеріне мұқият көңіл бөлу деген сөз. Жылдам жүгіргіңіз келіп тұрса, бұл тәсіл бастапқыда қиын көрінуі мүмкін. Алайда баяу жүгіруді меңгермесеңіз, ағза тез әлсірей бастайды, әсіресе жүрекке түсетін салмақ ауырлайды.

2. Барлық кәсіби жүгірушілер баяу жүгіреді

«Баяу жүгіру» ұғымы әр адамда әртүрлі. Тәжірибелі жүгірушілер үшін ол сізге қарағанда едәуір жылдам болуы мүмкін, бірақ олар да бұл деңгейге бірден жеткен жоқ. Жаттығу барысында сіздің де «баяу жүгіру» қарқыныңыз біртіндеп арта түседі. Оған генетика, жас ерекшелігі және жалпы денсаулық жағдайы да әсер етеді.

Тіпті Кипчогедей төмен пульспен жүгіретін қарқынға жете алмасаңыз да – бұл қорқынышты емес. Егер өз қарқыныңызбен баяу жүгіруді меңгерсеңіз, сіз де нағыз кәсіби спортшысыз.

3. Баяу жүгіру босаңсуға көмектеседі

Жүгірумен айналысатын кәсіпкерлер мен шығармашыл адамдар жиі жүгіруге жаңа идеялар мен шабыт алу үшін шығатынын айтады. Жүгіру барысында өзіңізге босаңсуға және ойыңызды реттеуге мүмкіндік беріңіз.

4. Басқа жүгірушілермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі пайда болады

Төмен пульспен баяу жүгіру кезінде сөйлесуге мүмкіндік болуы керек деп саналады. Неліктен осы мүмкіндікті пайдаланып, жүгіруге әуес клубтағы серіктеріңізбен қарым-қатынасты кеңейтпеске?

Баяу жүгіру – бұл сондай-ақ кездесуге арналған тамаша идея. Бірге физикалық белсенділікпен айналысу жақындастырады, қызықты әрі соншалықты шаршатпайды.

Баяу жүгіру – мүлдем жүгірмеуден әлдеқайда пайдалы және ағзаға жақсы әсер етеді. Сондықтан ләззат алып, өз қарқыныңыздан ұялмаңыз.

Almaty Marathon жарыстары жаңадан бастаушылар мен жүгіруден ләззат алатын әуесқойлардан бастап, әлемдік рекордтарға ұмтылатын кәсіби спортшыларға дейін барлығын қуана қарсы алады. Маусымның соңына дейін almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп үлгеріңіз.

 

Jañalyqtar
Неліктен баяу әрі рақаттанып жүгіру ұят емес?
Алматы мен Астанада заттар мен қайталама шикізатты қайда тапсыруға болады?
Балалар жүгірісі және ересектерге арналған эстафета: 2025 жылғы Summer Relay Алматыда қалай өтті